Главная | Регистрация | Вход
argyndar.org
Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Шежире [2]
Генеология аргынского рода и подродов
Известные аргыны [14]
Аргыны, оставившие определенный след в истории народа
Реклама от Google
Поиск
Наш опрос
Нужно ли приравнять коррупцию в Казахстане к измене Родине?
Всего ответов: 126
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Счетчик
Яндекс.Метрика
Главная » Файлы » Известные аргыны

Ізбасты би Руы Қанжығалы
[ ] 19.08.2011, 10:14
"Әнші, күйші кетседағы, 
Ән менен күй баяғы. 
Олар өзі өтседағы, 
Қалды бөркі, таяғы. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы. 



Ізбасты ата. 


Ізбасты Мұса ұлы-1830 жылдары туған, Ажыгүл-Сарының сегізінші ұрпағы, 
айбарлы батыр Тілеуметтің жетінші ұрпағы;бабаларымыз ырымдап есімін: 
"ардақты ата-бабаларының ізін бассын"- деп қойған. 
"Шақшанда Ізбасты ата 
болған зерек, 
Басқадан ол кісінің жөні 
бөлек. 
Біздердің түп атамыз 
Сары-Тілеумет, 
Айбарынан қалмақ қашқан, 
болу керек. 
Ізбасты атаны көзкөрген ақсақалдардың сипаттауы бойынша: 
"Орта бойлы, дене бітімі кесек , қайратты, қыр мұрын, 
үлкендеу келген қой көзді,кісіге қиястана қарағанда, көздері 
ұшқын шашып тұратын. Сырт қараған адамға - мен ескінің көзі, 
болаттың сынығымын дегендей".Табиғатынан мейірбанды, 
көңілді жүретін, тілі өткір, шешен адам болған. 
Намысына тимек болып, немесе сынамақ ниетпен, күтпеген 
сұрақтар қойған адамдарға, тапқырлықпен берген жауаптары: 
"Ізбасты айтқан"- деп, аул-аймаққа аңыз болып тараған. 
Сондай, Құдабай ақсақалдан, естіген әңгіме: Бірде, атай ақ киіммен 
ақсақалдар жиынына келсе, Ыбырай: 
"Мынау кімнің аруағы кебінімен келіп тұрған"-дейді. 
Атамыз:"Қарағым,Ыбырай, асығып-аптықпа, жаңа сеніңде әкең кебінін 
киіп дайындалып жатқан, ұзамай келіп қалар"- дейді. 
Көп ұзамай,Ыбырайдың әкесі ақ киімде кіріп келгенде, отырған жұрт жымыңдап 
Ыбырайға қарайды. Амалсыздан, күреңденген Ыбырай, жер шұқылап, төмен 
қарап қалады. 
Бірде, жігіттер атадан: "Алған-дегеніміз не?"- деп,сұрайды. Сондағы, Ізбасты 
атаның берген жауабы: 
"Алған-алған емес; берген-алған. 
Олда алған емес, қалтаға салған-алған. 
Олда алған емес, қалтадан алып, 
қажетіңе жаратсаң-нағыз алған сол"-дейді. 
Қазан төңкерісінен кейінгі, өтпелі заманға берген сиппатамасы: 
"Қазір тамыр таныс, қолында билік 
Бардың - бағасы асқан заман". 
Алаш орда үкіметі орнап, съезд болады, делегаттар сайлау керек- деп ауыл 
белсенділері насихат жүргізіп жүргенде: 
"Жігіттер! Осы сендер, 
Саяз,Саяз-деп, шапқылаудасыңдар-ғой, арты 
шыңрау-тұңғыйық болып, батып кетіп-шығалмай 
жүрмеңдер"- деген сөздері, аул ақсақалдарының аузында. 

17 

Ізбасты атаның өмір сүрген жылдары,шамамен 1830-1925 жылдардың 
аралығы. Шақшан болысында би болып, билік құрған уақыттарын, 
ақсақалдардың айтуы бойынша:"Ізбасты би ашық, ақ жарқын,әрдәйім көңілді 
жүретін. Билігі әділ, екі жақты да қанағаттыратындай болушы еді. 
Оның алдына дау қуып барғандар,үкіміне риза болып тарқасатын." 
Ата, 1920 жылдары, Керекудегі(Павлодар) абақтыға жабылады. Мал-мүлкі 
конфискеге түседі. НКВД үштік соты, он жылға, жер аударуға үкім шығарады. 
Кейінен, Қаныш Сәтібайұлының араласуы арқасында, сот үкімі өзгертіліп, 
абақтыдан босап шығады. 
"Сән салтанатымз ешкімнен кем болмасада, жайбасарлықтан кешірек қалып 
көзге түсе алмадық"- деп М.Ауэзов айтқандай, атаның балалары: 
Ақтанбай, Барлыбай, Тұрлыбай, Қасқырбай оқыған, қолдарынан іс келетін 
болсадағы, ата репрессияға ұшырап абақтыға жабылғаннан соң, елден 
кетуге жәжбүр болады. 
Ізбасты атаның: 
Ұраны-"Тілеумет". 
Таңбасы-"Қанжыға". 
Қыстауы-Сүгірбай моласы, Шідерті өзені бойында. 
Қазіргі атауы: посёлок"Зелённая роща". 
(Ел арасында он бірінші аул, Екібастұз ауданы). 
Жайлауы-Ақмектепте, Ащы өзені бойында. 
( Баянаул ауданы, Бірлік совхозының фермасы). 
Атақты бабамыз Асан қайғы Сары арқаны аралап жүргенде, бұл жерлер 
туралы былай деген көрінеді: Шідерті өзені бойына келгенде:"Мына шіркіннің 
топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға бітетін жер 
екен. Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын қоныс екен". 
Ащы өзені бойына келгенде:"А,а! Баян, сенің қоныс болып тұрғаның 
мынау Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен. 
Сонысы бір жылға татиды екен. Олай болмағанда Баян қоныс болуға 
жарамайтын жер екен". 
Шідерті мен Ащы өзендерінің бойларындағы жерлер құт қонған, көп шежірелер 
арқалап тұрған аймақ. 

Иә, бұл даладан кімдер өтпеді, кімдер кетпеді дейсіз? 

" Қарттардың баян қылған 
әңгімесін. 
Естіген кейінгілер жаттап 
алған". 
С.Сейфуллин 



18 

Ізбасты би. 
«Есімі ел ауызына кең тараған Ізбасты би жасы тоқсаннан асып барып, өткен ғасырдың жиырма 
сыншы жылдары дүние салыпты. Руы Қанжығалы, оның ішінде 
қарадан тараған ұрпақ**. Қонысы Майқайың мен Ақкөл ауылдарының аралығында 
болған деседі. Оның басынан кешкен оқиғалары мен аңызға айналған сөздерінің бірі 
Ізбасты би мен Уездің тілмашы туралы. Ізбастының әрі болыс, әрі бай кезінде ауылына 
уездің тілмашы келе қалады да көздеген жеріне жеткізіп салуға талап етеді. 
Ізекеннің еті тірілеу баласы Барлыбайдың арбаға жегіп әкелген аты тілмашқа қораштау 
көрінсе керек. Соған ашуланған тілмаш қарт Ізбастыға кейіп: 
- Мені кім деп отырсың, сақалыңды жұлып қолыңа берейін бе?- деп шақыраяды. 
Сонда Ізбасты әдетінше байсалды қалпымен: 
- Шырағым, бұныңа рахмет! Біздің Барлыбай ғой, қарттың сақалын жұлып алса, 
шашып жіберер еді. Сен бір талын шашау шығармай, өз қолыма ұстататын болдың ғой. 
Рахмет! Көргенділік, әдептілік деп, міне осыны айт,»-депті. 
Мүбарак Жаманбалинов, 
Қазақстан Жазушылар 
одағының мүшесі. «Сарыарқа самалы» №130.10.10.2007ж. 

Ізбасыты би мен Жәнібек батыр. 
Жәнібек батыр Ақмоладан ауып келіп, өзіне ерген елімен Қостанайдың жеріне баса көктеп, 
қонып алыпты. Қостанай, Жәнібек батырға баруға бата алмай, жолай Ізбасты биге барыпты. 
Ізбасты бидің сонда Жәнібекке айтқаны: 
«Ассалаумағалейкум, Жәнібек, 
Атағың сай, Атың сай. 
Кетпенің сай, шотың сай, 
Қазсаң суға жетесің. 
Жорықты көп жортқансың, 
Білсең жолдың төтесін. 
Ерегіскен жауыңды, 
Жермен жексен етесің. 
Қалың жатқан қазақтың, 
Баласына әкесің, 
19 
Көбісіне көкесің. 
Жәбірлеме жарлыны, 
Жанышпа, батыр, жалғызды. 
Дүниеден сенде өтесің. 
Кеңінен толғап кеңесіп, 
Кедейдің бұзба кепесін. 
Ертең өзің өлгенде, 
Артыңда адыра қалатын, 
Бір жарымдай сайды, 
Сен не етесің,»- депті. 
Ізбасты би: сен қайдан да болса жер аласың, мынау аз үй Қостанай ешқандай жер ала 
алмайды. Сен мұның жерінен көш депті. Жәнібек батыр Ізбасты биге қонақасы беріп, 
көшіп барып Торғайдың таңдамалы жері Тосын құмын алыпты. 
« Жұлдыз» 196 бет,!986 жыл. 




Анықтама: 
**оның ішінде қарадан тараған ұрпақ- Ажығұлдың ұрпақтары Ажыбайдың-Қарасы, 
Құдиярымен қоныстас болып, төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайын, 
тағдырлас, көршілес аталар болған, ел арасында бұл аталар «Қара-Сары-Құдияр» 
деген атаумен танымал. Автор өз мақаласында осы мағнаны қолданған. 
Т.Е,Еңсебаев «Қанжығалы шежіресі» 367бет.2004жыл.Павлодар, «ЭКО» баспасы.
Категория: Известные аргыны | Добавил: argyn
Просмотров: 3466 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]